Сатушы - сатып алушыларға тауарды таңдауға және төлеуге оңтайлы жағдайды қалыптастыру арқылы сатудың максималды көлемін қамтамасыз ететін маман. Қажет болған жағдайда сатушы сатып алушыларға дүкендегі сатуға ұсынылған тауарлардың ассортименті, тауарлардың тұтынушылық қасиеттері мен ерекшеліктері туралы кеңес береді.
Сатушы дүкен қызметкері болып табылады, тікелей дүкен директоры мен тауар танушыға бағынады, оларға есеп береді және олардың бақылауында болады. Өз қызметінде лауазымдық нұсқаулықты, сауда ережелері, дүкен әкімшілігінің ауызша және жазбаша бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады. Сатушы ішкі еңбек тәртібі ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, өндірістік санитария мен гигиена нормаларын білуі және орындауы тиіс.
Сатушының міндеттері мыналарды қамтуы мүмкін:
Тәжірибесі аз сатушының орташа жалақысы 80-150 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің математика, әдеп, психология және құқық салаларында білімі болуы тиіс, ол клиенттерді тыңдай алуы, сендіре білуі, қалауын түсіне білуі тиіс.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл.
Бұл мамандық өз күшіне сенімді, табанды, мақсатты, кез-келген кәсіби даулы жағдайда оңтайлы шешім таба алатын адамдарға арналған.
Жемісті жұмыс істеу үшін сатушы сыпайы, шыдамды, мұқият, коммуникабельді, жауапты, стреске төзімді болуы керек.
Бұл мамандықтың артықшылығы - бұл мамандық еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие, коммуникабельділікті, қарым-қатынас дағдыларын, нарықтағы тауарлар мен қызметтер туралы білімді дамытады, сондай-ақ өз жұмыс кестесіне түзету енгізуге мүмкіндігі бар.
Жас маман клиенттер тарапынан дөрекілік, шешуді талап ететін даулы жағдайлар сынды стресстік жағдайлар сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Жұмыс барысында сатушы үлкен моральдық және материалдық жауапкершілікте болады, психикалық шиеленіске, сондай-ақ физикалық жүктемеге төзеп береді.
Аяқта тұрып жұмыс істеудің салдарынан пайда болатын қажушылық, анда-санда болатын жағымсыз және күйгелек клиенттермен қарым-қатынас мамандықтың кемшілігі болып табылады, осыған орай стресске төзімді болу қажет.